Колхоздың сүт фермасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Қастеев Әбілхан. 1904-1973
Жайлаудағы қазақ шопандарының жазғы тұрмысын бейнелейтін жанрлық туынды. Алдыңғы планда оң жақта - құрт жасау үдерісі көрсетілген: ақ кимешек киген екі әйел құрт домалатса, шапан киген ер адам оларға құрт салатын науа үстап тұр. Ал үшінші әйел дайын өнімді кептіру үшін ағаш сөреге жаюда. Сол жақта - босағасында бала тұрған көшпелі киіз үй (қос). Оның жанында шөп үстінде жатқан дәптер мен кітап - сауатсыздықты жою саясаты мен жаңа кеңестік дәуірдің белгілері. Алыста созылып жатқан жасыл алқап бойымен салт аттылар сиыр табындары мен қой отарларын, жылқы үйірлерін суатқа айдап барады; композициялық кеңістікті алыстағы қарлы шыңдар тізбегі түйіндейді. Колорит даланың шырынды жасыл түсіне, киіз үйдің жоса-қоңыр реңіне және композицияны біріктіріп тұрған ақ түске құрылған. Детальдардың ұқыпты берілуі мен шынайы кескіндеме мәнері Қастеевтің ерте кезеңдегі аңғырт реализміне тән.