Жаңарған Алатау аңғары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилов Аубакир. 1913-1999
Алатау баурайындағы көсілген алқапты бейнелейтін панорамалық пейзаж. Алдыңғы планда, төменгі жиектен түпкірге қарай мотоциклші жүріп бара жатқан қара жол созылып жатыр. Екі шетінде орналасқан, адамдар еңбек етіп жатқан жасыл атыздар табиғат көрінісіне жанрлық реңк үстейді. Композицияның сол жағында биік ағаштар арасында үй орналасқан, қасынан созыла аққан өзен әне арғы жақта өтіп бара жатқан пойыз көрінеді. Түпкірде, заңғар тау жотасының етегінде гүлдеген бақшалар көсіліп жатыр. Туынды колориті ашық көк, жасыл, жоса және қызғылт-күлгін реңктердің үйлесіміне құрылған, ал олардың жұмсақ тоналды ауысулары тау бөктеріндегі ауа мен жарыққа толы ландшафт әсерін анық жеткізеді. Оң жақ төменде - қолы мен жылы.