Жазушы Сәбит Мұқановтың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Композиция ортасында - сұр костюм киген, ақ шашты егде ер адамның ірі кеуделік портреті бейнеленген. Басында қара тақия, қолында кітап ұстаған кейіпкердің жанары өзге жаққа бағытталған. Күңгірт фон - қазақша ою-өрнегі бар көк кілем мен ыдыс-аяқ және кітаптар қойылған сөре - кейіпкердің өзіндік келбетін айшықтай түседі: кең дөңгелек жүзіндегі қысыңқы көздері, үлкен мұрны мен толық еріндерінің үстіндегі жіңішке мұрты. Жүзінен ойлылық пен ішкі оңашалану байқалады. Түстік шешімі ұстамды салқын сұр-көк және жылы жоса реңктерінің қанық қошқыл қызыл әрі қызғылт-сары акценттермен үйлесімді байланысына құрылған. Жалпы алғанда, портрет кейіпкер бейнесінің реалистік сомдалуын композицияның сәндік-пластикалық мәнерлілігімен шебер ұштастырады.