Ұйғыр қыздары
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Жанрлық композицияның орталығында - күн сәулесі төгілген алқап аясында бейнеленген екі қара шашты қыздың тұлғасы. Алдыңғы пландағы кейіпкерлер көрерменге барынша жақын орналасып, оқиғаға тікелей қатыстылық сезімін дарытады. Олардың артында - қызыл-сары жапырақтар көмкерген дуал, ал оң жақ түпкірде екі әйел мамыражай әңгімелесіп тұр. Қыздардың ақ және қызыл көйлектерінің контрасты тұлғаларды қанық, сан алуан түсті ортадан даралайтын маңызды колористикалық түйінге айналған. Еркін, кең жағылымдар мен кейіпкерлердің жалпылама пластикасы туындының сәнділігі мен эмоционалдық әсерін күшейтеді. Кейіпкерлердің қозғалыссыз қалпы мен түстік дақтардың белсенді үндестігі кескіндемелік кеңістікті жүйелеп, жылы жазғы күннің лепті әсерін жеткізеді. Тұтастай алғанда, туынды тыныштық пен үйлесімге толы бейбіт ауыл өмірінің поэтикалық бейнесін кейіптейді.