Жамбыл
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Исмаилова Гульфайрус Мансуровна. 1929-2013
Бұл портрет - ақынның сыртқы келбетін ғана емес, ең алдымен оның рухани болмысын, даналығын айшықтайтын ұлттық-репрезентативті бейне. Туындыда кейіпкер кеудесіне дейін бейнеленген: иығына көгілдір шапан жауып, басына малақай киген ақын айқастырған қолдарын таяққа сүйеп отыр. Пішіннің жалпылама берілуі мен еркін, кең жағылымдар шығармаға айрықша эмоционалды ырғақ сыйлайды. Суретші оны сабырлы, ішкі жинақылығы мен зор қуаты сезілетін парасатты тұлға ретінде мүсіндеген. Ақынның өткір де терең жанары ерекше бейнеленсе, кейіпкердің жасын, өмірлік тәжірибесін кейіптейтін ірі қолдары оның адами қадір-қасиетін айқындай түседі. Ал қанық көк фон мен ашық жүздің арасындағы түстік контраст бейнеге монументалдылық пен визуалды тұтастық дарытады.