Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

№ 3 Картина

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Ибрагимов Канат Баймаханович. 1964
Туынды абстрактілі экспрессионизмге тән еркін де бейнелі авторлық мәнерде орындалған. Тігінен созылған кенепті қиғаш өтетін жосалы қоңыр, қанық салқын қызғылт және жарқын қызғылт сары түсті жолақтар тасқын тәрізді бояу ағынының әсерін тудырады. Күрделі реңктегі түстер өзінің тазалығын сақтап, бір-бірімен араласпайды, ал түстік дақтардың шекарасы айқын күйінде қалады. Бояу қабатын сырып өңдеу арқылы астыңғы түстік қабаттың көрінуі туындының көпқабатты құрылымын айшықтайды.

Мерзімделу кезеңі: 1991 г.
Материал: Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 120х95 см
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top