Бақша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Евдаков Александр Константинович. 1913-1943
Этюдтік сипаттағы ауыл пейзажы. Алдыңғы планда жыртылған жердің атыздары доғаша иіліп, композиция тереңіне бойлайды да, ауыл құрылыстарына барып тіреледі. Сол жақта, жыртылған жерді бойлай тақтай қоршау созылған, оның артынан үйлер мен ағаштар көрінеді. Оң жақта - бұтағы жайылған ағаш. Тігінен созылған композицияның басым бөлігін бұлтты көгілдір аспан алып тұр. Туынды серпінді, еркін жағылымдармен, импрессионистік мәнерде орындалған.
Мерзімделу кезеңі:
1940 г.
Материал:
Картон
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
40×32 см
Санат:
Бейнелеу өнері