«Абай» кинофильміндегі Абайдың анасының рөліндегі С. Майқанованың портреті
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Ғалымбаева Айша Гарифқызы. 1917-2008
Дәстүрлі ұлттық киімдегі әйел бейнесі декоративті-экспрессивті мәнерде берілген. Фигура статикалық, жинақы қалыпта бейнеленген: қолдары бүгіліп, дене тұсында орналасқан. Басындағы ақ кимешек жүзін жұмсақ жиектеп, композицияның қанық түстік құрылымымен айқын контраст жасайды. Киімінің сыртынан жеңдері мен етегі сәндік өрнектермен безендірілген шапан киген. Қызыл, қызғылт сары, көк және ақ түстердің белсенді үндестігі, қалың фактура мен қуатты қылқалам ізі бейненің әсерлілігін күшейтіп, шығарманың мерекелік сипатын айқындайды.
4281-ж
Мерзімделу кезеңі:
1990 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
112×91 см.
Санат:
Бейнелеу өнері