Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өңіржиек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Халық шебері
Батыс Қазақстанның еңселі де ірі пішіндерге құрылған зергерлік дәстүрін айшықтайтын бұл өңіржиек төрт қырлап өрілген төрт тізбекке бекітілген үш пластинадан құрастырылған. Тікбұрыш пішінді жоғарғы және ортаңғы бөліктердің екі бүйіріне дөңгелек салпыншақтар орнатылса, төменгі пластина ұшы сүйірленген бесбұрыш үлгісінде жасалған. Барлық үш бөлік қызыл астары бар шыны орнатылған екі сопақша жиектемемен сәнделген, ал бесбұрышты пластина қосымша кішкентай жапырақша тәрізді жиектемемен толықтырылған. Төменгі жиегіне жапырақ және шар пішінді бес салпыншақ ілінген. Ауқымды пластиналар, олардың тігінен бірізді орналасуы мен салпыншақтардың молдығы бұйымға ерекше салмақтылық пен тұтастық береді. Бұйымның үш бөлікті құрылымы көшпелілердің ғалам туралы көне түсінігін бейнелейді. Ондағы жоғарғы, ортаңғы және төменгі әлемдер бір тік білік бойына бірігіп, олардың арасындағы тізбектер арқылы өзара байланысады. Әшекейдегі қызыл түсті қондырмаларға тіл-көзден сақтайтын апотропейлік мән берілген.

Мерзімделу кезеңі: ХIХ в.
Материал: Күміс, Шыны
Техника: Бүршіктеу, Зерлеу, сіркелеу, Қалыптау, Ширатпа
Өлшемі: 47,7×6,5 см
Санат: Зергерлік өнер
Scroll to Top