Дельфиниум
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Бабад Эмилия Наумовна. 1912-1990
Шаршы үстел үстіне қойылған керамикалық вазадағы гүл шоғы бейнеленген натюрморт. Композицияның орталық бөлігін дельфиниумның биік көкшіл-күлгін гүлдері алып, олар гүл шоғының төменгі қатарындағы үлпілдеген қызғылт, ақ және қошқыл түсті флокстармен контраст түзеді. Алдыңғы планда аласа гүлдер салынған шағын шыны ыдыс қосымша бейнеленген. Ақшыл сұр фон композицияның сәндік тұтастығын айқындап, түстік акценттердің әсерін күшейтеді.
Мерзімі: 1960 ж.
Өлшемі: 95×75 см
1343-ж
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Сақталу жағдайы
Көзге көрінетін зақым жоқ.