Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кездесу

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Мергенов Еркин Тлекович. 1940-2015
Модернистік мәнерде орындалған станоктық жұмыр мүсіндегі әйел тұлғасы табиғи өлшемде бейнеленіп, ұзын көйлек пен кимешек киген. Оның алдында жүксалғышына бөтелке пішінді екі ыдыс бекітілген велосипед тұр. Бет әлпеті өңделмей, тұтас ойық түрінде қалдырылған. Бұл бейненің портреттік сипатын жойып, оны жинақталған символдық образ деңгейіне көтереді. Композиция дәстүрлі киім киген қимылсыз, байырғы сипаттағы әйел тұлғасы мен ХХ ғасырдың қарқынды техникалық бұйымының қарама-қарсылығына құрылған. Кимешек пен ұзын көйлек дәстүрлі тұрмыс салтын және қазақ мәдениетіндегі әйелдің киелі мәртебесін меңзесе, велосипед пен оған бекітілген ыдыстар урбандалу мен жаңа тұрмыс салтын білдіреді. Осылайша мүсінде екі түрлі тұрмыс салты мен дәуірдің, яғни біртіндеп келмеске кетіп бара жатқан көшпелі әлем мен жаңа индустриялық заманның тоғысуы пластикалық тілмен сомдалған.

Мерзімделу кезеңі: 1986-1988 гг.
Материал: Ағаш, Алюминий
Техника: Құю
Өлшемі: Высота - 165 см
Санат: Мүсін
Scroll to Top