Медаль «Кеңес Армиясы мен флотына ХХХ жыл 1918-1948»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Л. Е. Седельниковтың «Кеңес Армиясы мен флотына ХХХ жыл 1918-1948». Медаль шеңбер түрінде жасалған. Алдыңғы бетінде В.И. Ленин мен И.В. Сталиннің қырынан бейнеленген кеуде мүсіндері орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде «XXX» деген бедерлі жазу бар. Артқы жағында шеңбер бойымен: «В ОЗНАМЕНОВАНИЕ ТРИДЦАТОЙ ГОДОВЩИНЫ» деген жазу, ал ортasında: «СОВЕТСКОЙ АРМИИ И ФЛОТА» және «1918-1948» деген жазулар жазылған. Медальдің жиегі бедерлі жиектелген. Барлық жазулар мен бейнелер бедерлі, шығыңқы соғылған. Медаль құлақша мен сақина арқылы бесбұрышты тағанға жалғанған. Таған жібек сұр муар таспамен қапталған. Таспаның ортасында жалпақ қызыл жолақ, ал жиектерінде жіңішке қызыл жолақтар орналасқан. Тағанның артқы жағында түйреуіш тәрізді бекіткіші бар.