Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» медалі

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

М. С. Матросовтың «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» медалі. Медаль дөңгелек пішінді. Медальдің бет жағында кеңестік азат етуші жауынгер мүсінінің бейнесі, төменгі жағында лавр және емен бұтақтары бейнеленген. Мүсіннің екі жағында «1945-1965» деген жазу бар. Медальдің артқы жағында «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» деген жазу, ортасында «ХХ» және шашыраған сәулелердің фонында жұлдызша бейнеленген. Медальдің жиектерінде ернеуі бар. Медальдегі бейнелер мен жазулар бедерлі. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек қатқыл таспамен тысталған бес бұрышты тағанмен жалғанған. Таспада үш бойлық, кезектескен жолақтар - қызыл, жасыл және қара түсті. Тағанның сыртқы жағында түйреуіш тәрізді ілгек орналасқан.

Мерзімделу кезеңі: 1965 г.
Материал: Жібек муар лентасы, Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d - 3,2 см
Санат: Нумизматика
Scroll to Top