Диплом және есептік ведомостьтан үзінді
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Диплом және есептік ведомостьтан үзінді - оқу орнын бітіргенді растайтын ресми құжаттар. Еңбек ардагері Әбдрахман Шалабаевқа берілген. Диплом қара - көк түсті жасанды былғарыдан жасалған мұқабада сақталған. Мұқабаның сыртқы бетінде бедерлі сәндік өрнек және дөңгелек пішінді эмблема бейнеленген. Уақыт өте келе тозу және сызат белгілері байқалады.
Мерзімделу кезеңі:
1959 ж.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
15,5 × 15 см; 11 × 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)