Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қаршыға тұлыбы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қаршығаның тұлыбы - жыртқыш құстың сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Қаршыға - сұңқартәрізділер отрядына жататын жыртқыш құс.
Экспонат құстың дене бітімін толық бейнелейді. Тұлып ұшып келе жатқан табиғи қалыпта көрсетілген. Қанаттары екі жаққа кең жайылып, жоғары қарай бағытталған, қауырсындары бір-бірімен қабаттаса орналасқан. Құйрық қауырсындары артқа қарай созылған. Басы алға бағытталған, тұмсығы имек әрі өткір, жыртқыш құстарға тән пішінде. Аяқтары төмен қарай салбырап орналасқан, сирақтары мен саусақтары сарғыш түсті, тырнақтары иілген және өткір.
Қауырсын жамылғысы негізінен қоңыр және қара-қоңыр реңктерден тұрады.Тұлып ұшып келе жатқан құстың қимыл-қозғалысын табиғи түрде көрсетуге бағытталған композициялық қалыпта орналастырылған.

Мерзімделу кезеңі: 2011 ж
Материал: Қауырсындар, Шыны
Техника: Таксиме
Өлшемі: длина крыла 50 см, длина тело 40 см.
Scroll to Top