Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Жылан тұлыбы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Жыланның тұлыбы - жыланның сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Экспонат жыланның дене бітімін толық қамтиды. Дене тұрқы ұзынша, иіріліп орналасқан. Алдыңғы бөлігі жоғары көтеріліп, мойны тік бағытта созылған, басы алға қарай бағытталған. Басы сопақша келген, тұмсығы сүйірлеу. Көздері басының екі бүйірінде орналасқан.
Дене жамылғысы ұсақ қабыршақтардан тұрады. Қабыршақтарының түсі қара-сұр, қоңыр және сарғыш реңктердің араласуынан құралған, табиғи өрнекті. Дене бойындағы қабыршақтар бір-біріне тығыз орналасып, жылан терісінің өзіне тән құрылымын айқын көрсетеді. Құйрық бөлігі жіңішкеріп, біртіндеп сүйірлене аяқталады.
Тұлып жыланның табиғи қалпын, дене құрылысын және сыртқы морфологиялық ерекшеліктерін көрсету мақсатында жасалған.

Мерзімделу кезеңі: 2011 ж
Материал: Шыны
Техника: Таксиме
Өлшемі: 1 метр
Scroll to Top