Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өтініш

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Машинкамен басылған ресми өтініш (хат). Құжат Талдықорған аудандық партия комитетінің секретары Абдрахманов жолдасқа жолданған (көшірмесі Талдықорған аудандық Еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің председателі Қожахметов жолдасқа жіберілген). Хатта Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты Нұрмолда Алдабергенов сайлаушылардан түскен арыз-шағымдар (колхозшы Тікенбаевтың оқу үйіндегі қызметі мен еңбекақысы төленуі төңірегіндегі мәселе) бойынша аудандық партия комитетінің бюросында қарап, тиісті шара қолдануды және орындалуы туралы жауап беруді сұрайды. Құжаттың төменгі бөлігінде Қазақ ССР-і Жоғарғы Советінің депутаты Алдабергеновтың қолы қойылып, рәсімделген күні жазылған.

Мерзімделу кезеңі: 08. 10. 1957 г.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 20 х 14,5 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top