Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль. «1922-1972. КСРО Одағының елу жылдығы»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толуына орай берілген мерейтойлық марапат. Мерейтойлық төсбелгі екі бөліктен тұрады. Жоғарғы колодкасы бесбұрышты, қызыл эмальмен қапталған, бетінде ақ түспен КСРО-ның картасы-контуры бедерленген. Төменгі негізгі бөлігі - ақ түсті бес бұрышты сәулелі жұлдыз, оның ортасында лавр бұтақтарынан жасалған гүл шоғы, гүл шоғының ішінде КСРО Мемлекеттік Елтаңбасы орналасқан: алтын масақтар, қызыл ленталар, ортасында көгілдір глобус және орақ пен балға, жоғарыда қызыл жұлдыз. Жоғарғы жағында ақ лентада қызыл цифрмен «1922» және «1972» жылдары жазылған, төменгі жағында қызыл лентада ақ әріппен «ПЯТИДЕСЯТИЛЕТИЕ СОЮЗА ССР» деген жазу бар. Колодка мен төсбелгі арасы жіппен жалғанған. Медаль Ұлы Отан соғысының ардагері Шалабаев Әбдірахманға берілген.

Мерзімделу кезеңі: 1922-1972 жж.
Материал: Металл, Темір
Техника: Металл өңдеу
Өлшемі: высота - 5,5 см.
Санат: Металл
Scroll to Top