Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жәдігер - белгілі ұстаз, ағартушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бұғытай Айсеркеновке тиесілі «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» мерейтойлық медалі.
Медаль Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 20 жылдығына орай 1965 жылы табысталған. Дөңгелек пішінді, алтын түсті металдан жасалған. Алдыңғы бетінде жауынгердің бейнесі және «1945-1965» жылдары көрсетілген.
Медаль жасыл және қара жолақтары бар қызыл түсті лентасы бар қалыпқа бекітілген. Медальға куәлік қоса берілген.
Жәдігер Бұғытай Айсеркеновтің тұлғасына және Ұлы Отан соғысының тарихына қатысты тарихи-мемориалдық құндылыққа ие наградалық бұйым болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
7.06.1965 ж.
Материал:
Металл
Техника:
Қалыптау, Өңдеу
Өлшемі:
8,5 см, диаметрі - 3,3 см
Санат:
Марапат