Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шақыру билеті

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кеңестік кезеңге тән дизайнда безендірілген ашықхат түріндегі ресми шақыру билеті. Құжаттың оң жақ шетінде көзге бірден түсетін «Поздравляю!» деген қызыл түсті орысша жазу бар. Шақыру билетінің мәтіні қазақ тілінде жазылған және баспа машинкасымен терілген. Онда ауылдың өркендеуіне зор үлес қосқан, колхоз құрылысының қайраткері Нұрмолда Алдабергеновтің туған күніне арналған 21 желтоқсан күні сағат 3-те өтетін салтанатты жиынға шақыру туралы жазылған.
Құжатта шақырылып отырған Ақжарқын апайға (Нұрмолда Алдабергеновтың жұбайы) құрметті қонақ ретінде қатысу ұсынылған. Бұл хат - кеңестік дәуірдегі қоғам қайраткерлеріне деген құрмет пен ресми шараларды ұйымдастыру мәдениетінің айғағы.

Мерзімделу кезеңі: 1978 г.
Материал: Картон қағаз
Техника: Басу, Қолжазба
Өлшемі: 8 х 13 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top