Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Басқұр

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат - дәстүрлі қазақ қолөнеріне тән өрнекті басқұр. Бұйым жүн жіптерден тоқылған, ұзынша жалпақ пішінді. Негізгі түсі - қою қызыл-қоңыр, беткі бөлігінде қара, көкшіл және ашық түсті жіптерден тоқылған геометриялық және иірім тәрізді өрнектер орналасқан. Өрнекті композицияның екі жиегі қара түсті жолақпен көмкерілген.
Бұйымның екі ұшында бірнеше жіптен өріліп жасалған ұзын баулар бар. Баулардың ұштары жіптерді біріктіріп, өзара өріп және түйіндеу арқылы жасалған сәндік шашақтармен аяқталады. Басқұр өрмекпен терме тоқу техникасында, түрлі түсті жіптерді алмастыра отырып жасалған. Дәстүрлі қазақтың киіз үйінде уық пен керегенің түйіскен тұсын бастырып бекітуге және үйдің ішкі көрінісін сәндеуге пайдаланылған

Мерзімделу кезеңі: 2009 ж
Материал: Мулин жіптері
Техника: Қолдан жасалған жұмыс, Өру
Өлшемі: 400 х10см.
Scroll to Top