Басқұр
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - дәстүрлі қазақ қолөнеріне тән өрнекті басқұр. Бұйым жүн жіптерден тоқылған, ұзынша жалпақ пішінді. Суретте басқұр бүктелген күйінде берілген, толық жазылғандағы ұзындығы шамамен 4,5 метр. Негізгі түсі - күрең қызыл, өрнектері қою көк және сарғыш түсті жіптермен тоқылған. Екі жиегі көгілдір түсті жолақпен көмкерілген. Беткі бөлігінде ромб тәрізді геометриялық өрнектер мен қайталама сәндік элементтер орналасқан. Екі ұшында түрлі түсті жіптерден жасалған шашақтары бар.
Басқұр қазақтың дәстүрлі киіз үйінде уық пен керегенің түйіскен тұсын бастырып, бекітуге және үйдің ішкі көрінісін сәндеуге пайдаланылған. Басқұрдың мұндай түрлері өрмекке терме тоқу тәсілімен түрлі түсті жіптерді алмастыра отырып жасалған.