Келі - келсап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сипаттамсы:Келі келсап -әр түрлі ағаштан (қара тал,емен,тұт ағашы) т.б шабады.Ұсталар келі шабатын ағашты негізінен құрғақшылық болған жылдары қазып алады.Келі оюға таңдаған ағашты қысқа қарсы бойына нәр жинап,түбірімен қосып қазып алады да,кептіріп қояды.Келі ағашын шегіне жеткізіп ,кептіріп алған соң,ағаш шеберлері,оны ойып шабуға кіріседі. Шеберлер әрі мықты,әрі көп жылға жарылмай шыдау үшін оның іші-сыртына қойдың құйрық майын не болмаса түйенің қоңының майын сіңіреді. Ағаш жарылған сол себепті болу керек төменгі беті темірмен шырмалған. . ұстауға ыңғайлы етіп ұстағыш салынған.
Материалы: Ағаш
Өлшемі:Келінің ұзындығы 60см
Келсаптың Ұзындығы 1 метр
Диаметрі:25 см
Қол еңбегі
Сақталу жағдайы
Жарамды