Мандат №19
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Нұрмолда Алдабергеновке берілген Қазақстан Коммунистік партиясының № 19 мандаты. Типографиялық әдіспен орыс тілінде басылып, қолдан толтырылған қызыл түсті ресми құжат. Мандат «Казахстан» колхозының бастауыш партия ұйымынан сайланған Н. Алдабергеновтің Бурлютобинский (Бөрілітөбе) аудандық партия конференциясына шешуші дауыс құқығымен делегат болып сайланғанын растайды. Бетінде В.И. Лениннің бейнесі, ұран сөздер, дөңгелек мөр, Мандат комиссиясы төрағасының қолы және 1962 жылғы 25 желтоқсан мерзімі көрсетілген. Архивтік материал Нұрмолда Алдабергеновтің партиялық-қоғамдық қызметі мен өңірдегі ауыл шаруашылығы тарихының маңызды дереккөзі болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
10. 12. 1964 г.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
6 х 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)