Мүшелік билет
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
КСРО Журналистер одағының мүшелік билеті. Жазушы, журналист М. Қазбанбетовке тиесілі.
Мүшелік билет - КСРО Журналистер одағына мүшелікті растайтын ресми құжат. Билет 1982 жылы берілген. Құжатта иесінің фотосуреті, тегі, аты-жөні, мүшелік нөмірі және одаққа қабылданған уақыты көрсетілген. Билетте «Союз журналистов СССР» деген жазу орналасқан. Құжат қоңыр түсті мұқабадан және ішкі қағаз беттерінен тұрады. Мұқабасы тығыз материалдан жасалған, беткі бөлігі қарапайым безендірілген. Ішкі беттерінде типографиялық баспа мәтіндері, фотосурет, мөр және қолтаңбалар орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
1982 ж
Материал:
Картон, Қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
6х9 см
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)