Жүген
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл жәдігер - жылқының басына тағылатын дәстүрлі ат әбзелі жүген. Бұйым табиғи былғарыдан жасалған және атты басқаруға арналған. Жүгеннің беткі бөлігі қапсырмалар арқылы бекітілген металл әшекейлермен безендіріліп, оған сәндік әрі көркемдік сипат берілген.Аталған жәдігерді музей 1992 жылы Жамбыл ауданының тұрғыны Ж. Д. Қожамбергеновадан 600 рубльге сатып алып, музей қорына қабылдаған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Былғары
Техника:
Өңдеу
Өлшемі:
50 × 60 × 80 см.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар