Жазбаша өтінішке жауап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құжат - 1956 жылғы 23 мамырдағы Талдықорған облыстық ІІМ Милиция басқармасы тарапынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Нұрмолда Алдабергеновке жолданған ресми жауап хат. Негізгі себеп: КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Н. Алдабергеновтің милиционер әрекетіне жазған шағымына қайтарылған ресми жауап (1956 ж., 23 мамыр). Тексеру нәтижесі: Депутат мінген «ЗИМ» көлігінің жүргізушісі біржақты қозғалыс ережесін өрескел бұзып, тыйым салынған көшеге кірген. Милиция старшинасы Стадник жүргізушіге заңды түрде ескерту жасаған. Шешім: Жүргізушінің ереже бұзғаны дәлелденгенімен, депутатқа тактика сақтамағаны үшін старшина Стадникке қатаң ескерту берілген.
Мерзімделу кезеңі:
1956 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
20 х 30 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)