Қап (қанар)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қап (қанар) - құрғақ азық-түлік өнімдерін, атап айтқанда дән, ұн, құрт, ірімшік, тұз және басқа да тағам түрлерін сақтауға әрі тасымалдауға арналған дәстүрлі тұрмыстық бұйым. Иірілген қой жүнінен тоқылған. Пішіні тікбұрышты, құрылымы тығыз.
Бұйымның негізгі фоны табиғи қой жүнінің ашық сұр түсінде орындалған. Беткі бөлігінде тоқу барысында қалыптасқан күңгірт қоңыр, қара және сары түсті тік жолақтар кезектесіп орналасқан. Жолақтар бұйымның композициялық құрылымын айқындап, сәндік сипат береді.
Қаптың жоғарғы бөлігі, яғни аузы, пайдалануға төзімділігін арттыру мақсатында ашық қызғылт-қызыл түсті матамен жиектеліп көмкерілген.
Мерзімделу кезеңі:
2009 ж
Материал:
Қой жүні
Техника:
Тоқу
Өлшемі:
100х50 см