Мандат №740
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мандат №740.
Қазақстан Коммунистік партиясының VII съезі делегатының мандаты.
Тіктөртбұрышты пішінді, бұрыштары жұмырланған, қанық қызыл түсті тығыз картоннан жасалған бланкі. Сол жақ жоғарғы бұрышында В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің барельефтік профильді суреті басылған. Жоғарғы ортада ұран сөз: «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
«Жолдас Н. Алдабергенов Қазақстанның Коммунистік партиясының VІІ-ші съезіне Талдықорған партия ұйымынан шешуші дауыс правосымен делегат болып сайланды».
Оң жақ төменгі бұрышта Мандат комиссиясы төрағасының қолтаңбасы бар.
Музейлік тіркеу белгісі: Оң жақ төменгі бұрышында қызыл сиямен «МКДКП 1006» есептік шифры қойылған.
Мерзімделу кезеңі:
23. 11. 1960 ж.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу
Өлшемі:
7 х 10 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)