Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Фотопортрет «Нұрмолда Алдабергенов досымен бірге»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Нұрмолда Алдабергенов досымен». Табиғат аясында, ашық аспан астында жерде қатар отырған екі ер адам бейнеленген. Оң жақта: Әйгілі Еңбек Ері, колхоз қозғалысының көрнекті ұйымдастырушысы Нұрмолда Алдабергенов отыр. Ол басына қара түсті шляпа, үстіне ресми костюм-шалбар мен ақ жейде киген. Кеудесіне Социалистік Еңбек Ерінің «Орақ пен Балға» алтын жұлдызы таққан. Сол жақта: Н. Алдабергеновтің жанында оның досы отыр. Ол басына ашық түсті шляпа, үстіне френч стиліндегі күртеше, шалбар және биік қонышты былғары етік киген. Кейіпкерлердің артында қалың өскен бұталар мен шөптесін өсімдіктер көрінеді.
Ақ-қара түсті. Жақтауы ағаштан жасалған бетінде шынысы бар.

Мерзімделу кезеңі: 1957 ж.
Материал: Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника: Басу
Өлшемі: 52 х 42 см.
Санат: Фотосуреттер
Scroll to Top