Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының неміс тіліндегі аудармасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл басылым көрнекті қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің әйгілі «Құлагер» поэмасының неміс тіліндегі аудармасы болып табылады. Кітап 2016 жылы Германияда «Büchergilde» баспасынан жарық көрген. Неміс тіліне аударған жазушы, ақын әрі аудармашы Герт Хайденрайх.
Мұқабаның орталық бөлігінде көрерменге арқасын беріп тұрған сымбатты жылқы бейнеленген. Бұл - аңызға айналған Құлагердің көркем бейнесі. Басылымның атауы және автор мен аудармашы туралы мәліметтер неміс тілінде берілген. Жоғарғы оң жақ бұрышында «Edition büchergilde» баспасының атауы көрсетілген.
Жәдігер қазақ әдебиетінің неміс тіліне аударылып, халықаралық мәдени кеңістікте таныстырылуын айғақтайтын тарихи-мәдени және әдеби құндылығы бар басылым ретінде музей қорында сақтаулы.