Фотопортрет «Н. Алдабергеновті жерлеу рәсімі»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновты соңғы сапарға шығарып салу (жерлеу) рәсімі.
Суреттен қаралы жиынның өте ауқымды екенін көруге болады. Оған жүздеген адам жиналған. Алдыңғы шепте жүк машинасы келе жатыр. Жүк көлігінің кабинасының үстіне Нұрмолда Алдабергеновтің үлкен портреті орнатылған. Көліктің дәл артында үрмелі аспаптар оркестрі келе жатқаны анық көрінеді. Оркестрдің соңынан қаралы киінген қалың қауым ілесіп келеді.
Ақ-қара түсті. Жақтауы ағаштан жасалған бетінде шынысы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1967 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер