Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өтініш

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Сталин атындағы колхоз төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Н. Алдабергеновтен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары С.Ф. Николаевқа жолданған хат. Хатта Шұбар ауылындағы жолдарды асфальттау және ауыл көшелеріне су құбырын тарту мәселелері көтерілген. Атап айтқанда, Тентек-Талдықорған тас жолынан Шұбарға дейінгі 5 км және ауыл ішіндегі 5 км жолды 1958 жылғы жоспарға енгізу, сондай-ақ колхоз қаражаты есебінен су құбырын жүргізуге рұқсат беру сұралған.
Хат соңында Н. Алдабергеновтің көк-күлгін сиямен қойылған қолтаңбасы бар.

Мерзімделу кезеңі: 1957 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 30 х 21 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top