Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мүшелік билет

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақстан Журналистер одағының № 0636 мүшелік билеті. Мұқабасы қызыл түсті қатты картоннан жасалған. Ішкі бетінде ұйымның атауы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылған: «Қазақстан Журналистер одағы / Союз журналистов Казахстана».

Сол жақ бөлігінде мүшелік билетінің № 0636 нөмірі, Одаққа қабылданған күні - 1982 жылғы желтоқсан, билет берілген күні - 1993 жылғы маусым көрсетілген. Орталық бөлігінде билет иесінің мөр таңбасымен расталған ақ-қара фотосуреті орналасқан.

Оң жақ бөлігінде билет иесінің аты-жөні қолмен толтырылған: Қазбанбетов Мұхаметәлі Найменханұлы (Ә. Мұхаметалин). Төменгі бөлігінде Қазақстан Журналистер одағы төрағасының қолы қойылған.

Жәдігер Қазақстан Журналистер одағына мүшелікті растайтын ресми құжат болып табылады. Ол XX ғасырдың соңындағы Қазақстан журналистикасының даму тарихын, кәсіби шығармашылық ұйымдардың қызметін және журналистің кәсіби жолын айғақтайтын тарихи-құжаттық құндылыққа ие.

Мерзімделу кезеңі: 1993
Материал: Қағаз, Фотоқағаз
Техника: Басу, Қолжазба
Өлшемі: 6х9 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top