Ағаш саңырауқұлағы (Дің саңырауқұлағы / Трутовик)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаш саңырауқұлағы (Дің саңырауқұлағы / Трутовик)
Жәдігер - табиғи-этнографиялық және микологиялық маңызы бар, ағаш діңінде паразитті немесе сапрофитті түрде өсіп жетілген ағаш саңырауқұлағының (лат. Polyporaceae) кептірілген табиғи үлгісі болып табылады. Пішіні жартылай шеңберлі, тұяқ тәрізді немесе желпуіш пішіндес болып келген. Беткі қабаты қатпарлы, кедір-бұдырлы және концентрлі өсу сызықтары айқын көрінеді. Түсі қоңыр, сұрғылт-қоңыр және күңгірт топырақ түстес, тығыз, ағаштанған қатты құрылымға ие. Жоғарғы бетінде табиғи өсу барысында қалыптасқан дөңесті-түйіндес өсінділер мен кеуекті құрылым сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
1980
Материал:
Басқа
Техника:
Таксидермия
Өлшемі:
18 х 40 см
Санат:
Басқа