Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өмілдірік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Өмілдірік - ер-тоқымның алға қарай жылжып кетпеуін қамтамасыз ететін, аттың алдыңғы екі иығына кигізілетін ат әбзелінің құрамдас бөлігі. Бұл дәстүрлі қазақ өмілдірігі қатты өңделген қайыстан жасалған. Қайыстың беті бірізділікпен тізбектелген, ұзынша металл тақташалармен көмкерілген. Металл қапсырмалар геометриялық және өсімдік тектес өрнектермен бедерленген. Әр тақтайша теріге ұсақ шегелер арқылы бекітілген. Орталық түйіскен бөлігінде дөңгелек шошақ бүршікті күміс түсті қапсырма орналасқан, ол бұйымның сәндік орталығы ретінде қызмет етеді. Өмілдірік Х тәрізді формада құрастырылған, бұл оның ат денесіне ыңғайлы, тығыз жатып тұруын қамтамасыз етеді. Жоғарғы екі ұшында сопақша келген шегеленген металл бөліктер бар - олар өмілдірікті аттың төсіне немесе мойынтұрық арқылы бекітуге арналған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ
Материал: Былғары, Металл
Техника: Бедерлеу, Құю, Өңдеу
Өлшемі: 110 см
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top