Фотопортрет «Н. Алдабергенов жұбайы және немересімен Мәскеу қаласында»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ақ-қара фотосуретте Нұрмолда Алдабергенов жұбайы, немересі және тағы бір ер адаммен Мәскеуде бейнеленген. Н. Алдабергенов орден-медальдары мен екі «Алтын жұлдызын» таққан. Артқы фонда Кремльдің Спасск мұнарасы мен қабырғасы көрінеді. Фотосурет ағаш жақтауға салынып, шынымен қапталған.
Мерзімделу кезеңі:
1961 ж.
Материал:
Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника:
Басу
Өлшемі:
52 х 42 см.
Санат:
Фотосуреттер