Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Фотопортрет «Н.Алдабергенов делегациялармен Үндістанның Бихар штатында»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Фотосуретте Нұрмолда Алдабергенов бастаған бір топ делегаттардың Бихар облысындағы (Үндістан) сапары бейнеленген. Н. Алдабергеновтің соңында және екі жағында ресми киінген (костюмді, ақ жейделі) бір топ ер адамдар ілесіп келеді. Суреттің сол жақ бөлігінде қыштан (кірпіштен) қаланған ғимараттың қабырғасы көрінеді. Оң жақ артқы планда ағаштар мен жергілікті сәулет стиліндегі ғимараттардың сұлбасы бейнеленген. Сурет ашық аспан астында түсірілген. Фотосурет ағаштан жасалған ақ түсті жиектемеге салынған. Бетінде шынысы бар.

Мерзімделу кезеңі: 28.08.1957 ж.
Материал: Ағаш, Фотоқағаз, Шыны
Техника: Басу
Өлшемі: 52 х 42 см.
Санат: Фотосуреттер
Scroll to Top