Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құттықтау жеделхаты

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құттықтау жеделхаты - КСРО Байланыс министрлігінің жеделхаты. Алматыдағы «Түрксіб» шипажайында болған Н. Алдабергеновке Мұқыры ауылындағы Карл Маркс атындағы колхоз басқармасы, партия, кәсіподақ, комсомол ұйымдары және еңбеккерлері атынан жіберілген.
Жеделхатта Н. Алдабергеновті «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген егіншілік шебері» атағымен және 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен еңбек жетістіктері тілеген.

Мерзімделу кезеңі: 1967 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 13 х 19 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top