Кестелі орамал
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл бұйым - қазақ әйелдерінің дәстүрлі тұрмысында қолданылған кестелі орамалдардың бір үлгісі. Декоративтік орамал ақ матадан жасалып, гүлді өрнекпен безендірілген. Мұндай кестелі орамалдар интерьерді безендіру үшін қолданылған, сондай-ақ ерекше сыйлық ретінде ұсынылған немесе жасау құрамына енгізілген.
Кесте қанық әрі ашық түстермен орындалған. Орамалдың орталық бөлігінде сары және қызыл түсті ірі гүл бейнеленген, оның айналасы көк және жасыл түсті жапырақтар мен бүршіктермен көмкерілген. Кесте тігістері ұқыпты әрі шебер орындалған. Орамалдың жиектері қызыл және жасыл түсті мата жолақтарымен көмкерілген.
Мерзімделу кезеңі:
1990 ж.
Материал:
Жіп, Мата
Техника:
Кестелеу, Тігу
Өлшемі:
37х54 см.