Киім шкафы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаш шкаф - берік ағаштан жасалып, сарғыш түсті жылтыр лакпен өңделген табиғи шпонмен қапталған жиһаз. Ортаңғы есігі мен бүйір беттерінде ағаштың табиғи симметриялы текстурасы көрінеді. Сол жақ бөлігінде төрт ашық сөре және екі ішкі суырма бар. Оң жақ бөлігінде бір есік, бас киімге арналған сөре және киім ілуге арналған штанга орналасқан, төменгі бөлігі аяқ киім қоюға арналған. Шкаф еденге тікелей бекітілген тұғырға орнатылып, төменгі жиегі сәндік ирек пішінде өңделген.
Мерзімделу кезеңі:
1955 ж.
Материал:
Ағаш, Лак
Техника:
Құрастыру
Өлшемі:
190 х 180 см.
Санат:
Жиһаз