Н. Алдабергеновтың пальтосы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Пальто жоғары сапалы, қалың әрі тығыз қара түсті драп (шұға) матасынан тігілген. Киімнің ішкі астары да суық қысқа арналып, арнайы жылылағыш материалдармен қапталған.
Пальтоның ең басты сәндік әрі функционалды бөлігі - қаракөл теріден (каракуль) жасалған кең жағасы. Пальтоның алдыңғы жағы қос қатарлы түймелермен жабылатын классикалық ерлер стилінде пішілген, алты дана үлкен дөңгелек түймелері бар. Тік әрі кең пішілген.
Пальтоның екі жағында қол салуға және заттарды сақтауға ыңғайлы, қақпағы бар тік жапсырмалы қалталары (прорезные карманы с клапанами) қарастырылған.
Мерзімделу кезеңі:
1960 ж.
Материал:
Драп, Мех
Техника:
Сырып тігу
Өлшемі:
плечо - 18 см; рукав - 63,5 см.
Санат:
Киім және кесте