Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Орден (көшірме)

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Орден (көшірме). ІV дәрежелі Әулие Владимир орденінің көшірмесі. Орден қызыл және қара жолақты лентаға тағылған. Орден белгісінің өзі қызыл эмальмен көмкерілген, алтын жиекті төрт бұрышты айқыш (крест) түрінде жасалған. Айқыштың ортасында дөңгелек медальон орналасқан, оның ішінде алтын түсті фонда «СВ» (Святой Владимир) монограммасы бейнеленген. Кресттің екі жағында қиылысқан қылыштар бейнеленіп, орденнің әскери ерлік үшін берілгенін көрсетеді. Бұл-Ресей империясының жоғары марапаттарының бірі болып табылады.

Мерзімделу кезеңі: ХХ в.
Материал: Мата, Металл
Техника: Гравюра, Құю, Қырнау, түртпе, Соғу
Өлшемі: h-37 мм,b-37мм
Санат: Марапат, Металл
Scroll to Top