Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Кітап

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Кітап. «Жеті дастан».Кітаптың сыртқы мұқабасында дала пейзажы-бұлттармен көмкерілген аспан, нөсер жауын және көкте қалықтаған екі құс бейнеленген. Түп жағына автордың есімі-«Қ.Бекхожин» деп жазылған. Бірінші бетінің жоғарғы ортасында толық есімі-«Қалижан Бекхожин» көрсетілсе, төменгі ортасында үлкен әріптермен «ЖЕТІ ДАСТАН» деген атауы берілген. Оның астында «Таңдамалы дастандар мен балладалар» деген қосымша сипаттама берілген. Ең төменгі бөлігінде баспасы мен жарық көрген уақыты:«Жазушы» баспасы, Алматы-1966 деп көрсетілген.

Мерзімделу кезеңі: 1966 г.
Материал: Қағаз
Техника: Типографиялық баспа
Өлшемі: 70х90 см
Санат: Кітап
Scroll to Top