Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ер

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ер. Ағаштан жасалған, алдыңғы қасының басы шошақ пішінде, артқы қасы кең әрі жалпақ. Ердің сырты толықтай терімен қапталып, ұсақ шегелермен бекітілген. Әр жеріне ақ қалпақты ірі шегелер сәндік мақсатта қағылған. Ердің астыңғы екі қасына ақ киіз қойылып, қайыс баулармен мықтап байланған. Қасының артқы жағына құйысқан байланатын былғары жалпақ бау бекітілген, ал алдыңғы бөлігіне өмілдірік ілуге арналған темір шығыршық орнатылған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ в.
Материал: Ағаш, Былғары, Металл
Техника: Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі: Высота передней дуги-27 см, высота задней дуги-20 см, длина седла-41 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top