Балдақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Балдақ. Бүркітшілер қолданатын, құсты ат үстінде алып жүруге арналған тұғыр. Құрылғы ағаштан жасалып, жоғарғы басы 12 см аралықта екі айыр болып келген. Осы екі айырдың арасын 3 см жалпақтықтағы қайыс екі қабатталып толтырады, қайыстың ұштары сыртқы жаққа қайырылып, жез шегемен бекітілген. Тұғырдың жалпы биіктігі-50 см.Төменгі бөлігінде көлденең тесік арқылы үш өрім қайыс бау өткізіліп, ұштары байланған. Бұл тұғырды ерге бекітуге арналған. Осыдан 24 см жоғары тағы бір көлденең тесікке 90 см ұзындықтағы қайыс бау тағылған.Құстың отыратын бөлігі-«құс басар» деп аталады. Ол жерге жалпақ қайыс салынуы-құстың тұяғын қажалудан, мүжілуден сақтауға арналған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ в.
Материал:
Ағаш, Былғары, Металл
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
3х50х24х90 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар