Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Радиоқабылдағыш «Звезда-5»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

«Звезда-54» радиоқабылдағышы - 1950-жылдардағы кеңестік радиотехниканың танымал үлгілерінің бірі. Металл корпусы жылтыр қою жасыл эмальмен қапталған, ақшыл-сарғыш және алтын түсті сәндік элементтермен безендірілген. Алдыңғы панелінде қалалар мен толқын жиіліктері көрсетілген шыны шкала, бедерлі қызыл жұлдыз және басқару тетіктері орналасқан. Радиоқабылдағыш шамды жүйеде жұмыс істеп, ДВ, СВ және үш КВ диапазонын қамтиды. Француздық «Excelsior-52» үлгісі негізінде жасалған. Жәдігер 1950-жылдардағы кеңестік тұрмыстық дизайн мен индустриялық өнердің ерекшеліктерін көрсетеді.

Мерзімделу кезеңі: 1958 ж.
Материал: Металл, Пластмасса, Эмаль
Техника: Құрастыру
Өлшемі: 36 х 18 х 55 см.
Санат: Ғылым және технология
Scroll to Top