Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қылыш

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қылыш қынабымен. Болаттан соғылып жасалған, қайқылығы орташа, жүзі тек астыңғы қырымен қайралған қылыш. Ұзындығы 75 см, жалпақтығы 3 см. Үсті тегіс, ұшы қиғашталып үшкірленген. Сабы ағаштан жасалып, алдыңғы бөлігі сары мыспен қапталған, оның биіктігі 4 см, ұшы дөңгеленіп, диаметрі 1,5 см. Сабының жалпы ұзындығы 14 см. Қылыштың басына жақын тұсында «1917 г», сабының қырында «1914», басының екінші бетінде «АА40», ал сабының алдыңғы және артқы бетінде «А» таңбалары бар. Қынабы жұқа темірден жасалып, 24 см аралығына жез доғабас пен жез шығыршық бекітілген.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ в.
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Жылтырату
Өлшемі: ручка-14 см, лезвия: l-75 см, b-3см, футляр: l-83 см, b-4,5 см
Санат: Металл
Scroll to Top