Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Белдік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Белдік. Былғарыдан жасалған белдік. Екі жаны ішкі жағына қарай қайырылып, беріктігі үшін тігіспен өңделген. Белдіктің беткі жағына әртүрлі пішінде, дөңес шекіме өрнегі бар 35 дана шытыра шегеленіп бекітілген.Ұзындығы 8 см болатын ілгегі бар қапсырмасы сары жезден жасалған, белдікке төрт жерден шегеленген. Қапсырма бөлігінен 10 см төменде, белдіктің астыңғы жағынан былғары доғабас бау жіңішке қайыс баумен тігіліп бекітілген. Бұл баудың бетіне екі жерден шытыра әшекей шегеленіп орнатылған.Белдіктің екінші жағы-ұзындығы 6 см болатын қапсырма ұшы. Осы қапсырмадан бастап 27 см аралықта, арасы 7 см-ден, барлығы 6 тесік тесілген. Бұл тесіктер белдікті белге қапсыра бууға арналған.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ в
Материал: Былғары, Металл
Техника: Илеу, Құю, Соғу
Өлшемі: 140х4,5 см
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар, Сәндік-қолданбалы өнер
Scroll to Top