Мыс табақ
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Мыс табақ. Толықтай мыстан құйылып жасалған, зауыттық тәсілмен өндірілген тұрмыстық ыдыс. Пішіні дөңгелек. Жоғарғы бетінің диаметрі-17 см, түбі-7,5 см, биіктігі -10 см. Сыйымдылығы-1 л, салмағы-315 г. Жоғарғы ернеуі бойымен жіңішке ойма өрнек жүргізілген. Түбі жағында дөңгелек пішінді ою тәріздес өрнек бейнеленген. Ыдыстың жасалған жылы мен шебері белгісіз. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың отбасы күнделікті тұрмыста пайдаланған. ҚР МОМ алынған 28.02.1984 ж.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в
Материал:
Мыс
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
17х9см
Санат:
Металл